Әлем чемпионатының логотипінде бейнеленген символ адамзатты жою белгісі ме?

Желі қолданушылары Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының логотипінде жасырын символ, яғни өз құйрығын жалмап жатқан жылан салынғанын жазып жатыр. Ол жойылу мен жаңарудың белгісі саналады екен. Stopfake.kz фактчекерлері мұның чемпионатқа қатысы бар-жоғын анықтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, өз құйрығын жейтін аңыздағы жылан "уроборос" деп аталады. Бұл символ ежелгі Мысырдан белгілі. Ол материалдық және рухани әлемдердің бірлігін, сондай-ақ, жойылу мен жаңарудың шексіз циклін білдіреді.

Алайда уроборостың Катарда өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатының логотипіне ешқандай қатысы жоқ. Логотип FIFA трофейінің пішінімен бірдей, аздап құм төбелеріне ұқсас жерлері бар.

Әлем чемпионатының логотипінде адамзатты жоюдың құпия символы жоқ. Ол - 2022 жылғы чемпионатты өткізіп жатқан Катардың ұлттық қазынасының бейнесі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!