Ыстамбұл мэрі сотталды

Ыстамбұл мэрі сотталды
Фото: dailysabah.com

Түркия соты Ыстамбұл мэрін екі жыл жеті айға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Daily Sabah.

Басылым мәліметінше, Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуға үш жыл бұрын Ыстамбұл мэрі сайлауының күшін жоюды "ақымақтық" деп атағаннан кейін айып тағылып отыр. Сот мұны жоғары сайлау комиссиясының мүшелерін қорлау деп санады.

52 жастағы Имамоглу түрік оппозициясы өкілі саналады және келесі маусымда өтетін сайлауда Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыластарының бірі.

Алайда сот шешіміне сәйкес, қазір Имамоглуға саяси қызметпен айналысуға тыйым салынады. Бұл оның ел президентін сайлауға қатыса алмайтынын білдіреді.

Үкім мен саяси тыйымды апелляциялық сот растауы керек. Жоғары орган үкімді бекітсе, Экрем Имамоғлуға бес жыл ішінде саяси қызметпен айналысуға тыйым салынады. Осылайша, ол Ыстамбұл мэрі қызметінен алып тасталуы мүмкін.

Экрем Имамоглудың өзі сот шешімін саяси деп атады және оған шағымданатынын мәлімдеді. Апелляция қаралып жатқанда, ол Ыстамбұлды басқаруды жалғастырады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова