Павлодарда мекеме басшысы 10 минут кешіккен қызметкерді соққыға жыққан

Павлодарда мекеме басшысы 10 минут кешіккен қызметкерді соққыға жыққан
Фото: Ertistv.kz

Павлодарда мұзайдынының басшысы қарамағындағы қызметкерді жұмысқа он минут кешіккені үшін соққыға жыққан, - деп хабарлайды Ertistv.kz.

Көгерген жерлер, сынған мұрын және аяқ жарақаты. Телеарна мәліметінше, фитнес жаттықтырушысы Юлия Пузинаның жұмыс күні осылай басталған. Сонымен қатар ол басшының қудалауына ұшыраған.

Қызметкер мұзайдынында 13 жылдан бері жұмыс істейді. Ешқашан ешкіммен жанжалдаспаған. Басшымен арадағы жанжал жұмысқа 10 минутқа кешігіп келуіне байланысты туындаған. Юлия түсініктеме жазып, жұмыс режимін бұзғаны үшін жауап беруге келіскен. Алайда басшы кабинетке кіріп, есікті жауып алған. Кейін оның айғайы жұдырыққа ұласқан.

"Ол бетімнен ұрды, тепе-теңдікті жоғалтып алдым. Оның мені ұрғаны шошытып жіберді. Ол күшпен айғайлай бастады, бұл жерден тірі кетпейтінім туралы дөрекі сөз болды", - дейді ол.

Телеарна мәліметінше, оған жабық ми жарақаты, ми шайқалуы, оң жақтағы гематома, оң аяғындағы көгерген жара диагноздары қойылған.

Куәгерлер көп болған, бірақ ешкім көмектеспеген. Қазір әлеуметтік желілерде басшылық тарапынан түрлі жазбалар пайда болған. Юлияға диеталық қоспалар мен минералды суды заңсыз сатқаны үшін айып тағылған. Ол полиция мен еңбек басқармасына арыз берген. Спорт ұйымы да тексерісті бастаған.

"Заң бөлімі ретінде нұсқаушының арызында баяндалған деректер бойынша комиссия құрдық. Қызметтік тергеу жүргізіледі", - дейді жоғары спорт шеберлігі мектебінің заңгері Мақсұт Байғабылов.

Мұз айдыны мораторийге ұшыраған, сондықтан тексеріс пен тергеуге тыйым салынады. Бірақ еңбек басқармасы өкілдері Юлияға заңгерлік тұрғыдан көмек көрсетеді.

"Бұл кәсіпорын Қазақстан Республикасында бір жыл бойы жұмыс істейтін мораторийге түскен. Бұл шағын бизнеске қатысты. Алайда басқарма Пузинаға заңгерлік көмек көрсетуге дайын", - дейді Еңбек басқармасының бас маманы Ербол Сайфуров.

Әзірге қызметкер жұмыстан шеттетілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова