Алматы тауларынан табылған қар барысы өлді: оның асқазанынан пакет анықталды

Алматы тауларынан табылған қар барысы өлді: оның асқазанынан пакет анықталды
Фото: Видеодан алынған кадр

Іле-Алатау ұлттық паркінің бөктерінен бір апта бұрын табылған қар барысы өлді. Бұл туралы Алматы хайуанаттар бағы өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Қазнетте барыс адамдардан көмек іздеп шыққаны туралы видео пайда болған еді. Аң аянышты халде көрінген, тіпті өтіп бара жатқан техника дыбысын елемеген. Оны тапқан қызметкерлер бірден мамандарға жүгінді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris_p_kaz | +21 Kaz?? (@kris_p_kaz)

Оқиға орнына Іле-Алатау ұлттық паркінің, Зоология институтының қызметкерлері және хайуанаттар бағының ветеринария дәрігерлері барған. Барыс сағат 23:50-де табылған. Жануардың жағдайы өте ауыр болған. Табылған жерде оған көмектесу мүмкін болмаған, дәл диагноз қою қажет болған. Зерттеу жүргізу үшін жедел түрде материалдар алынған. Кейін жануарды Алматы хайуанаттар бағына жеткізу туралы шешім қабылданған.

Instagram/AlmatyZoo

"Бірақ, өкінішке қарай, кеш болды. Хайуанаттар бағына келгеннен кейін ол бірден өлді. Іле-Алатау ұлттық паркінің, Зоология институтының және ҚазҰАЗУ-дың мамандары патология-анатомиялық аутопсия жүргізді. Гельминттер көптігінен бөлек, жануар асқазанынан полиэтилен пакеті табылды. Барыстың тістері түскен, ол аң аулай алмаған", - деді Алматы хайуанаттар бағы өкілі.

"Жануар өлді. Біз оны қайтара алмаймыз. Бірақ сабақ алу арқылы басқа жабайы табиғаттың өмірін сақтап қалуға болады! Табиғатқа ұқыпты қарау өте маңызды! Тауда қоқыс, әсіресе, тамақ иісі бар полиэтилен пакеттерді лақтырмаңыздар! Құтқару - әрқайсымыздың кішкентай көмегіміз. Көп болып қана табиғатымызды сақтай аламыз", - дейді мамандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова