Мейрамбек Бесбаев әншілерді "шегіртке" дейтіндерге жауап берді

Танымал әнші, "МузАРТ" тобының солисі Мейрамбек Бесбаев өзін сынағандарға, "шегіртке" деп атайтындарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Мақтанбашы", "Осылардікі өмір", "Шегірткелер", "Дубайға барған жалғыз сен емес шығарсың", "Тойынғаннан секіріп жүр ғой", "Қойсаңдаршы осындайларыңды", "Ішкен-жегенін, қыдырғандарын сала береді", "Осылар-ақ...", "Жыртыл қазақ", "Жүріңдер сол, ақшаны шетелге шашып", "Сен бармасаң футбол өтпей қалатындай", - деп жазбағандарға бүкіл әлемді шарлау жазсын. Аман болыңыздар!" - деп жазған әнші. 

Сәкен Майғазиев әншінің бұл жазбасына әзілдеп пікірін қалдырған. 

"Мақтана бермеші, сен бармасаң футбол болмай қала ма, осы сендер-ақ, деп жазбаймын, Мәке", - деп жазған ол. 

Желі қолданушылар өнер иесінің жазбасына түрлі пікір қалдырған. 

"Әумин", "Әлем шарлайтын қазағым көбейсін", "Не жазарын білмей қалды-ау, бәрін өзіңіз жазып қойдыңыз", "Ешкімнен пара алып, жетім-жесір, бала шағаның аузынан жырып, халықты қанап тапқан ақшаң емес. Не істеп, қайда барсаң да өзің білесің, Мәке. Табан ақы маңдай терің", "Маке, сізге қалай жүрсеңіз де жарасады ғой", - деп жазған пікір қалдырғандар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!