Киев мэрі қалада бірнеше жарылыс болғанын хабарлады

Киев мэрі қалада бірнеше жарылыс болғанын хабарлады

Киев мэрі Виталий Кличко қалада бірнеше жарылыс болғанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кличко бұл туралы Telegram-арнасында жазды. Оның сөзінше, жарылыс Киевтің Шевченков ауданында болған. Арнайы қызмет өкілдері жарылыс орнында. 

Киев мэрінің айтуынша, әуе қорғанысы қала үстінен 10 ирандық дронды атып түсірді. Жергілікті шенеуніктер қаланың энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасалғанын хабарлады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина