Психолог өзіне сенімділер ғана айтатын 6 тіркесті атады

Танымал психолог Михаил Лабковскийдің айтуынша, өзіне сенімді адам әдетте өмірде табысқа кенеледі. Бұл жерде мәселе сәттілікте не мінез-құлықта емес, оның өзіне сенімділігінде, - деп хабарлайды doctorpiter.ru.

"Бір жақсы мысал келтірейін: зал лық толы лекцияларымның бірінде бір қыз маған екі рет сұрағын қойды, ал көпшілігі бір сұрақ та қоя алмады. Ол өзінің дұрыс екеніне сенімді болғаны соншалық, ұйымдастырушылар микрофонды бәрінен айналып өтіп, екі рет сол қызға берді", - деді Михаил Лабковский Telegram-арнасында.

Маманның айтуынша, қорқынышыңыз және уайымдарыңызбен жұмыс істеуді үйренсеңіз, мұндай сенімділікке ие бола аласыз. Бірақ бұл жақсы болуға тырысуыңыз керек деген мағына емес. 

"Өзін-өзі дұрыс бағалай алатындар өздерін бақылай алады. Олар достарына, ата-аналарына, серіктестеріне пікір қалыптастыру немесе олардың әрекеттерін бағалау үшін қарамайды. Өзіне сенімді адамдар басқаларға тәуелді емес және өзін қалай бар, солай қабылдайды, ең бастысы, олар өздерін жақсы көреді", - деді Михаил Лабковский.

Психолог шынайы өзіне деген сенімділік пен өзін-өзі дұрыс бағалау кезінде жиі айтылатын сөз тіркестерін атады.

  • "Мен ең күштімін" деп емес, "Мен өзімді бар болмысыммен қабылдаймын және жақсы көремін";
  • "Мен міндетті түрде жетістікке жетемін және мен бәрін істей аламын" деп емес, "Мен қайта тырысып көруден қорықпаймын, өйткені мен өзіме сенемін";
  • "Мен мінсізбін" деп емес, "Менің артықшылығым мен кемшілігім бар, мен басқаларға қарамаймын және өзімді басқалармен салыстырмаймын";
  • "Мен керемет сұлумын" деп емес, "Мен сырт келбетімді ұнатамын";
  • "Мен әрқашан дұрыс істеуім керек" деп емес, "Мен қателіктер жібере аламын және қателерімді қабылдай аламын, оларды түзете аламын";
  • "Егер Саша, Ваня, Таня оған лайық болса, онда менің де жетістікке жетуге барлық мүмкіндігім бар". 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!