Психолог адам өз-өзіне қол жұмсағысы келсе не істеу керегін айтты

Кеше ғана елді дүрліктірген оқиға болды. Маңғыстау облысында 38 жастарғы ер адам балаларымен бірге өз-өзіне қол жұмсаған. Ал ең кішкентайы 10 айлық екен. Былтыр да Алматыда әйел кішкентай үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткен болатын. Бәрінің көкейінде "сәбилердің жазығы не?" деген сұрақ. Тіпті ресми деректерде елде түрлі себептен биыл бір жасқа дейінгі 2000-нан аса сәби қайтыс болғаны айтылады. Massaget.kz тілшісі психолог Анаргүл Маулиқызымен сұхбаттасты. Маман отбасында тұрмыстық мәселе туындап, адам өз-өзіне қол жұмсағысы келсе, қалай алдын алу керегін айтты.

"Адамның өз-өзіне қол жұмсағысы келуін қайғыдан құтылғысы келу деп сипаттауға болады", - дейді маман.

Жаман ой мазаласа, не істеу керек?

Психолог адамды жаман ой мазаласа, әрқашан айналасымен бөлісу керегін айтады. Маман осындай қадамға барғысы келетіндерге кеңес берді:

  1. Жаман ойдан жалғыз қалып арылуға тырыспаңыз. Өлім туралы ой келсе, өзіңіз сенетін біреумен сөйлесіп, ой бөлісу, жақын адамнан көмек сұрау қажет. Себебі жалғыз адам бұл ойды қашыра алмайды.
  2. Туысыңызбен, достарыңызбен немесе әріптесіңізбен байланысқа шығыңыз, сөйлесіп, жеңілдеп қаласыз.
  3. Туысыңызға немесе жақын адамыңызға ішкі күйіңіздегі жан сырыңызды аша алмасаңыз, таныс емес адаммен байланысқа шығып көріңіз. Оған арнайы психологиялық орталықтар да бар.
  4. Далада таза ауамен жүріңіз, ол миға қуаныш гормонын толтырады.
  5. Антидепрессант қабылдап көріңіз. Бұл арқылы ішкі уайымнан, қайғыдан арылуға болады. 
  6. Эмоция шығару қажет (жылау, айғайлау).
  7. Кез келген қиын жағдай қашан да түзелетінін естен шығармау керек.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!