Атырауда ер адам дронның көмегімен колонияға есірткі өткізбек болған

Атырауда дронның көмегімен колонияға есірткі өткізбек болған адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап. 

Сайт мәліметінше, оқиға 9 желтоқсанда болған. Тыйым салынған затты колонияға 36 жастағы ер адам өткізбек болған. Ер адамның өзі де бұған дейін бірнеше рет колонияда жазасын өтеген. 

Ер адамның сөмкесінен сотталғандарға арналған "сәлемдеме" шыққан. Оның ішінде 1 020 таблетка "Трамадол", көзге арналған 20 флакон "Тропикамид", екі зарядтау құрылғысы, екі кішкентай гарнитура, үш ұялы телефон, интернет-роутер мен ерекше иісі бар қою жасыл түсті өсімдік заты бар заттар болған.

Полицейлер бұл деректі Қылмыстық кодекстің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!