Шай, самаурын, шоколад сатып жүргендер де бар. Бизнеспен айналысатын шоу-бизнес өкілдері

Шай, самаурын, шоколад сатып жүргендер де бар. Бизнеспен айналысатын шоу-бизнес өкілдері
Фото: © Instagram

Шоу-бизнес өкілдері арасында той бизнесті де, сахнаны да, тіпті жеке кәсіпті де дөңгелетіп отырғандар көп. Massaget.kz тілшісі өнердегі бизнесмендер кім екенін анықтады.

Шай сататын әнші

Safi шәй by SAKEN MAIGAZIYEV. Иә, Сәкен Майғазиев тек өнермен шектеліп қалмаған. Ол шай шығарып, сатып жүр.

"Адамның тұрар әр кез жаны қалап,
Сәкеннен Safi шайы мен тары, науат!" - делінген шайдың ресми парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Safi tea» by SAKEN MAIGAZIYEV (@safi.tea)

МузАРТ тобының кейінгі өткен концерттерінің бірінде Сәкен Майғазиев гүл сыйлап, сахнаға шыққан белсенді тыңдарманын құр қол жібермей, шай тарту еткен.

"Бұл Сәкен шығаратын шай. Кенжебек "Элит" шоколадын шығарады. Осы екі бизнесменім бар, рахат болды, маған жақсы болды", - деп әзілдеген Мейрамбек Бесбаев Сәкен мен Кенжебекке қарап.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Safi tea» by SAKEN MAIGAZIYEV (@safi.tea)

Шайдың жарнамасы өнер адамдары арасында да жақсы жүріп тұр. Соның қатарында Алтынбек Қоразбаевтың, "Өнер қырандары" тобының жарнамасы бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Safi tea» by SAKEN MAIGAZIYEV (@safi.tea)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Safi tea» by SAKEN MAIGAZIYEV (@safi.tea)

Желі қолданушылары бұл шайдың дәмін татып үлгерген. Бірақ бір бөлігі мақтауын асырса, енді бір бөлігіне ұнамапты.

"Күшті, Сафи шай ішеміз отбасымызбен. Қызымыздың аты да Сафия", "Safi tea шынымен де дәмі, тарысы, науаты тіл үйреді", "Сүт қатып ішсеңіз өте дәмді шай, жақсы қызарады, түсі де әдемі", "Сафи шайды мақтағанға толтырып алсам, сүтке қонбайды көкпеңбек, сапасын қарамайсыздар ма өздеріңіз? Шай деп айтуға келмейді, шайдан науаты көп ішінде, шығымы өте шамалы", - дейді Желідегілер.

Желідегі дүкеннің парақшасына көрсетілген нөмірге хабарласып, шай бағасын сұрадық. Олар көтерме базардан сатып алуға болатынын, бағасы 1100-1200 теңге аралығында екенін айтады.

Шоколад сатып жүрген әнші

"МузАРТ" тобының тағы бір мүшесі Кенжебек Жанәбіловтің де бизнесі бар екен. Желіде жүктеген сурет-видеоларына сүйенсек, әнші шоколад бизнесімен айналысады. Бұл кәсіп elit_chocolate_kz деп аталады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кенжебек Тұрсынбайұлы (@kenzhebekmuzart)

Желі қолданушыларының көпшілігі оның кәсібіне береке тілеген.

"Тығып сатасыз ба немене? Ешбір дүкендерден көрмеймін шоколадтарыңызды", "Құдайым істеріңізге берекесін берсін, берері мол болсын, əумин", "Алла кәсібіңізге береке берсін, отбасыңа ынтымақ, бірлік!" - деп жазған Желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кенжебек Тұрсынбайұлы (@kenzhebekmuzart)

Әнші суықта даладағы жұмысшыларға шоколад сыйлаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ELIT ШОКОЛАДТАРЫ ? (@elit_chocolate_kz)

Ресми дүкенге хабарласып, шоколадтардың бағасын сұрап көрдік. Олар бағасын айта алмайтынын жеткізді. Ал бір супермаркетте 276 грамм шоколад 8 010 теңге тұратынын байқадық.

Сондай-ақ, Желіде әншінің осы шоколад жарнамасына түскен бейнесі қызу талқыға түскен еді. Nur.kz мәліметінше, осы жарнамадан кейін тапсырыс көп түскен.

"Менің осы жарнамамның арқасында шоколадқа көп ұсыныс түсті десе де болады. Бұған дейін салған жарнамаларымнан аса нәтиже болмады. Ал мына фотодан соң, шоколадты жеп көруге ниет білдіргендер көбейе түсті", - деген әнші Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында. 

Иіссу сататын әнші

Әншілердің бәрі дерлік бірдеңе сатумен айналысады. Төреғали Төреәлі екі бірдей бизнес бастаған. Соның бірі - иіссу.

"Сіздердің қолдауларыңызбен TORESH әтіріне сұраныс күннен күнге артып келеді. Бұл - керемет иіссу, жоғары сапалы май қоспаларынан жасалған, жас пен мезгіл талғамайтын классикалық хош иістер қатарына жатады", - деген еді ол Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????? ??????? (@toregalitoreali)

Бірақ әншінің бұл бизнесі әлі күнге бар-жоғы белгісіз. Өйткені ресми парақша өшірілген. Ал өнер иесінің бұл жазбасына кейбіреулер иіссу бағасын жазыпты.

"Қызылордадан 25 мыңға алдық папамызға, керемет!", "5000 мың бағасы", "25 мың", - дейді пікір жазғандар.

Әншінің екінші бизнесі - шай. Ол Сәкен Майғазиевпен шай бизнесінен бәсекелес пе, әлде бизнес тоқтады ма, ол жағы белгісіз. Өйткені кейінгі кездері ешқандай жазба жарияламаған, ал бизнес парақша өшірілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????? ??????? (@toregalitoreali)

"Аппаратқа үргенде арақ емес
Тек қымыздан перегар ұру керек.
Ал оғанда мас болып қалам десе
Төрештің шайын ішіп шығу керек!" - деген ол жазбаларының бірінде.

Киім сататын әнші

Ал әнші Арман Қоңырбаевтың brown_mens_shop атты ерлерге арналған киім дүкені бар. Дүкеннің ресми парақшасында да негізін қалаушы Арман Қоңырбаев екені айтылған. 

Желідегі суреттерден кейбір жарнамаларына әншінің өзі де түсетінін байқауға болады. 

Ал дәл Арман киіп түскен киім бағалары 14 900 бен 38 000 теңгенің арасында екен. Дүкен қаланың екі сауда орнында орналасқан.

Жылқы сататын әзілкеш

Белгілі әзілкеш Қанат Әлжапбаровтың жары Нұргүл Құдайбергенова "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болып, жолдасының өнерден бөлек қандай қызығушылығы барын айтқан еді. Нұргүлдің сөзінше, карантин кезі олардың отбасын да айналып өтпеген, бірақ жинаған малдың арқасында ол кезден де өткен. Қанат жылқы шаруашылығымен айналысады екен.

"1 жыл үйде отырды. Осы уақытқа дейін жинаған малы бар. Жылқымен айналысады, Қанаттың өзі жақсы көреді. Жылқыны шетінен сатып отырдық. Қазір Құдайға шүкір", - деген еді ол.

Самаурын сататын әнші

Әнші Тамара Асар самаурын сатып жүргеніне біраз уақыт болды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

Ал дүкеннің ресми парақшасындағы жазбалардың бірінде самаурынның бағасы қымбат екені айтылған.

"Самаурынның бағасы қымбат дүние. Металы табиғи жез (латунь, жезде қайнаған су табиғаттағы ең жұмсақ әрі пайдалы су). Табиғи таза экологиялық асқа арналған, яғни +98 градуста қайнаса да бояуы зиянсыз…" - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова