Айғай-шу қайда?! Баланың тверк билеуі жұртты шошытты

Айғай-шу қайда?! Баланың тверк билеуі жұртты шошытты

Тойда тверк (twerking) билеген баланың видеосы қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тверк билеген баланың видеосы TikTok-та тарады. 

"Сенің той көтеретін досың", - делінген видеода. 

@di1naz51 #рекомендации❤️ #рекомендации #тренд #fypシ #маймыл ♬ оригинальный звук - di1naz15

Желіде тараған роликте 5-6 жас шамасындағы бала аниматорлармен бірге нағыз тверк билеп жатқанын көруге болады. Оны қоршаған адамдар барынша қолдау көрсетіп жатыр. Видеоны 2 миллионға жуық адам көрген. 

Баланың қылығын жақтағандар да, оның бұл әрекетін ұнатпағандар да табылған. 

"Бала көргенін істейді ғой, не болса соны салады желіге", "Тәрбие осындай болса, айтарға сөзім жоқ", "Таңнан кешке дейін телефоннан көргені осы болса қайтсін?", "Менен мықты билейді ғой", "Аниматорлары қалып қойды ғой", - деген пікірлер жазылған. 

Айта кетейік, тверк - қозғалыстарында бөкселер мен жамбас жұмысы белсенді қолданылатын би түрі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина