"Бір айда минимум 1 миллион, максимум 6 миллион". Блогерлер жарнамадан қанша тауып жүр?

"Бір айда минимум 1 миллион, максимум 6 миллион". Блогерлер жарнамадан қанша тауып жүр?
Фото: © Instagram

Қазір әлеуметтік желілер арқылы блогерлер қыруар ақша тауып отырғаны ешкімге жасырын емес. Шоу-бизнес өкілдері де бірінші кезекте Желідегі парақшаларын дамытуды алға қойған. Massaget.kz тілшісі танымал блогерлер мен өнер иелерінің өкілдеріне хабарласып, Instagram желісіндегі парақшаларына жарнама жариялау қанша тұратынын анықтап көрді.

Рамазан Амантай

Ақын әрі актер Рамазан Амантай да Instagram арқылы табыс тауып отыр екен. Оның парақшасында 319 мың оқырман бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ramazan Amantay (@ramantay)

Өнер иесінің парақшасында көрсетілген нөмірге хабарласып, жарнама бағасын сұрап көрдік.

"Пост 400 мың, stories 150 мың", - деп жауап берді Рамазан Амантайдың өкілі.

Sabirkin

Sabirkin лақапатымен танымал Сабира Жарасова "Жаңа түнгі студия" бағдарламасында қонақ болды. Ол Нұрлан Қоянбаевқа берген сұхбатында Instagram желісіндегі парақшасына жарнама жазба жариялау қанша тұратынын айтты.

Сабираның 1 миллион 400 мың оқырманы бар. Оның сөзінше, Желідегі stories-тің қаралымы 200 мыңдай болады екен. Ал жазбаларын миллионға жуық адам көреді. Сондай-ақ, блогер жарнаманың құны қанша екенін айтып берді.

"Пост 1 миллион 600 мың тұрады", - деді ол.

Zheka

Zheka Fatbelly лақапатымен танымал блогер, вайнер Жеңіс Омаров Анар Батырханға берген сұхбатында қаншаға жарнама жасағанын айтқан болатын.

"Мәскеуде жарнама үшін көп алдым. Бір TikTok-қа 6 миллион болды. Stories-қа да салдым. Жақсылап жасап бердім. LG-дің жарнамасын бір жылға алып, 12 миллион тапқанмын. Ол кезде 20 жаста едім. Ақша жинамаймын. Пәтерім бар, болды", - дейді ол.  

Айта кетейік, қазір оның 3 миллион оқырманы бар.

Aii Official

Aii Official есімді блогер сұхбаттарының бірінде Instagram-нан қанша табыс тапқанын айтқан болатын. Оның сөзінше, бұл - оның екінші парақшасы. Алғашқысы бұғатталып қалған. Оның оқырман жинап, көтерілуіне жақын блогерлері көмектесіпті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ai Abdlla (@aii_officiiall)

"Табыс көзі көбіне Instagram-нан. Нақты білмеймін. 2 миллион шығар. Бұл - бір айлық", - деген еді ол.

Қазір оның 2 миллион 300 мың оқырманы бар.

Damelya

Қазір жастар арасында танымал блогерлер арасында Damelya да бар. Оның Желіде 810 мың оқырманы бар. Бұл да оның екінші парақшасы екен. Ол сұхбаттарының бірінде жарнама үшін салық төлеп отырғанын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??????? ?????, Дамеля (@damelya_sw_)

"Бір айда минимум 1 миллион, максимум 6 миллион. Бір видео жазба 400 000 мың теңге, фото жазба 300 мың теңге, stories 300 мың теңге. Салық төлеймін Жасыратын ештеңем жоқ", - деген еді ол.

Анар Батырхан

Танымал адамдардан жарнамасының құнын сұрап жүрген актриса, тележүргізуші Анар Батырханның өзі қаншаға жарнама жасайтынын білу мақсатына, өкіліне хабарластық.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АНАРА БАТЫРХАН (@anarabatyrkhan)

"Сторис 200 мың теңге, серия болады, пост 400 мың теңге", - деп жауап берді ол.

Ал қазір көптің көңілінен шығып жүрген Amre-нің өкілі әнші жарнамамен айналыспайтынын айтты.

Желіде танымал адамдарға жарнама жасату құны 100-150 мың теңгеден басталып, бірнеше миллионға дейін жететіні байқалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова