ШҚО-да көлік жолаушылармен суға батып кетті: жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылады

ШҚО-да көлік жолаушылармен суға батып кетті: жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Полицейлер Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасындағы апатқа кінәлі такси жүргізушісін қандай жаза күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Айта кетейік, 6 желтоқсанда сағат 19:44-те Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында жеңіл көлік суға батып кеткен болатын. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көлікте бес адам болған. Олардың төртеуі көліктен шығып үлгерген, ал 1950 жылы туған әйел адам суға батып кетті.

Полицейлердің айтуынша, осы қаза болған зейнеткердің өлімі бойынша "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Яғни қылмысы дәлелденсе жүргізуші үш жылға сотталуы мүмкін.

Полицейлер тергеу құпиясын алға тартып, барлық мәліметті жарияламаған.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова