Астананың жаңа әкімі елордада LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты

Астананың жаңа әкімі елордада LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты
Фото: Tengrinews/Тұрар Қазанғапов

Астананың жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасы алдағы жылдары аяқталатынына уәде берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы аяқталғаннан кейін айтты.

"LRT аяқталады. LRT екі-үш жыл ішінде аяқталады. Қаржыландыруға байланысты", - деді ол.

Сондай-ақ, журналистер шенеуніктен команда өзгеріп-өзгермейтінін сұрады.

"Мен ешкімді әкелмеймін, ешкімді өзгертпеймін", - деді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, 8 желтоқсанда Жеңіс Қасымбек Астана әкімі болып тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Астананың жаңа әкімі тұрғындарға үн қатқан болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова