Астанада лифтіде дәрет сындырған тұрғын жазаланды

Астанада лифтіде дәрет сындырған тұрғын жазаланды
Фото: elements.envato.com

Астанада лифтіде дәрет сындырған адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz

Ведомство мәліметінше, сағат 14.30 шамасында Астананың сол жағалаудағы жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғындары мас адам лифтіде қажетін өтеп жатқанына куә болған. Олар 102-ге қоңырау шалған. Оқиға орнына дереу полицейлер келіп, бұзақыны алып кеткен. Тәртіпбұзушы пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын істеп жатқан жалдамалы жұмысшы болып шыққан.

Қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты полиция ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғаған. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот шешімімен ер адам 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова