Нұрсұлтан Назарбаев шөберелі болды - БАҚ

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев немерелі болды. Ұлттық олимпиада комитетінің президентін танымал спортшылар құттықтап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Құлыбаевтың шаңырағындағы сүйінші жаңалықты дзюдошы Әбиба Әбужақынова Instagram-парақшасында бөлісті.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Тимур Асқарұлын немересімен құттықтап, кішкентайға бауы берік болсын деп айтты.

"Құрметті Тимур Асқарұлы, немереңіздің бауы берік, денсаулығы мықты болсын! Біз сияқты мықты спортшы болсын", - деді Әбиба Әбужақынова.

Динара Нұрсұлтанқызы мен Тимур Құлыбаев бір ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген. Желі қолданушылары бұл немере Құлыбаевтың тұңғышы Алтайдың баласы деп болжам жасаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!