"Менің жолым басқа". Kalifarniya Қайрат Нұртаспен қарым-қатынасы туралы айтты

"Менің жолым басқа". Kalifarniya Қайрат Нұртаспен қарым-қатынасы туралы айтты

Kalifarniya деген атпен танымал әнші Фархат Қалиев өнердегі әріптесі Қайрат Нұртаспен қарым-қатынасы қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөлісті. 

"Қайрат Нұртаспен дос болсам ғой. Інісімін ғой, бірақ дос емеспін. Жақсы көремін ағамды, сыйлаймын. Қайрат Нұртаспен фит (бірлесіп ән жазу - еск.) жазбайтын шығармын. Менің жолым басқа, ағамды тек балалық шағымның естелігі деп білемін. Ол осы жолға салған мотиватор", - дейді ол сұхбатында. 

22 жастағы өнер иесі көпшілік арасында Kalifarniya деген атпен танымал. Оның "Роза", Qar, Aspan, Jurip Kelatasyn, "Ритм-такт" әндері бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек