Алматылық жүргізушілер қандай жол ережесін жиі бұзатыны анықталды

Алматылық жүргізушілер қандай жол ережесін жиі бұзатыны анықталды

Алматы полиция департаментінің қызметкерлері "Сергек" камералары қандай ереже бұзу деректерін жиі тіркейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазір қаладағы жолдарда 5 мыңнан аса фото және бейнебақылау камералары бар.

2022 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында "Сергек" аппараттық - бағдарламалық кешендерімен ҚР Жол қозғалысы ережелерін бұзудың миллионға жуық (дәлірек айтсақ 939 029) дерегі тіркелген. Олардың ең жиі кездесетіні:

- жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту - 543 142 бұзушылық;
- жылдамдықты арттыру - 394 723;
- бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту - 1164 бұзушылық.

"Сергек" камералары Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзуды да тіркейді. Алайда, қанша бұзушылық тіркелгені туралы айтылмаған.

"Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешендері Алматы қаласының аумағында 2019 жылдың сәуірінен бастап жұмыс істейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова