Қазақстандық блогер Instagram-ға видео түсіру кезінде жол апатына ұшырады

NNN лақап атымен танымал отандық блогер Нұрдәулет пен оның досы Әлішер Қонысбаев көңіл көтеретін видео түсіру кезінде құны 30 миллион теңге тұратын көлікпен жол апатына ұшырады - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Видеода Нұрдәулет Бектұрсын бірнеше әжетхана қағаздарының үстінде тұрып, қарсы көлік оның аяғының астындағы қағаздарды бар жылдамдықпен соққан. Осылайша блогер көлік үстінен секіріп өткен аса қауіпті қимыл жасаған. 

Қағаз тосқауылмен соқтығысқан жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай, бар жылдамдықпен жолда тұрған ауыр жүк көлігіне соғылады. 

Видеоға қатысушылардың ешқайсысы зардап шекпегені хабарланды. 

Желі қолданушылары блогердің видеосын айыптап, оның жастарға дұрыс емес үлгі көрсетіп жатқанын жарыса жазды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!