Қазақстан Ресейге танктер жібергені рас па? Министрлік жауап берді

Telegram-да Алматы вокзалында теміржолда тұрған танктердің видеосы тарады, - деп хабарлайды stopfake.kz.

Видеода әскери техниканың Ресейге жөнелтілгені айтылған. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды.

"Әлеуметтік желілерде Алматы қаласында теміржол станциясында тұрған бронетехниканы тасымалдау туралы жарияланымға қатысты, бронетехника күрделі жөндеуден кейін одан әрі пайдалану үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне жіберілгенін хабарлаймыз", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!