Талғардағы балалар интернатынан үрейлі дыбыстар шыққан: полиция тергеуді бастады

Талғардағы балалар интернатынан үрейлі дыбыстар шыққан: полиция тергеуді бастады
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатында үрейлі дауыстар шыққан видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео kris_p_talgar_2 Instagram-парақшасында жарияланды.

"Қателеспесек, 20 секундта "Қазір басыңды жарамын", ал 27 секундта былапыт сөздер  естілді", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Талгар ▪️ Талгарский район (@kris_p_talgar_2)

Оқиға 27 қарашада болған.

Алматы облысы бойынша Тергеу департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов бұған назар аударып, жазбаға пікір қалдырған.

"Қайырлы кеш. Мән-жайды анықтау Талғар аудандық ПД қызметкерлеріне тапсырылды. Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың барысы Алматы облысының Полиция департаментінде бақылауға алынды. Белгілеп жатқандарыңызға рақмет", - деп жазған ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек