Күн тағы суыта ма? Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктер өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде, орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасынмен жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.

"Түнде ауа температурасы батыста 7-20-дан 5-15 градус аязға дейін, солтүстік-батыста 18-30-дан 12-22 градус аязға дейін, кей жерлерде 17-30-дан 10-26 градус аязға дейін көтеріледі деп күтіледі. Солтүстікте, орталықта 20-30-дан 18-28 градусқа дейін аяз, республиканың шығысында 15-35-тен 12-25 градусқа дейін, оңтүстікте 10-30-дан 7-20 градусқа дейін, оңтүстікте, республиканың шығысында негізгі ауа температурасы түнде 12-25 градус аяз шамасында болады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!