Тоқаев Бішкекке келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан астанасы Бішкекке келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысу үшін жұмыс сапарымен келген. 

Әуежайда Мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы - Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!