Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Кейінгі тәулікте Қазақстанда 203 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 667 адам коронавирус инфекциясынан (-1 460+ және 207 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 263 науқас стационарда, 1 404 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 7 адамның жағдайы ауыр,

- 5 науқастың жағдайы өте ауыр,

- 4 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!