Жанар Айжанова өлім тілеген оқырманына жауап қатты

Жанар Айжанова өлім тілеген оқырманына жауап қатты

Әнші Жанар Айжанова өлім тілеген оқырманына жауап қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында жазды. Ол өзіне өлім тілеген оқырманының аты мен суретін жариялап жіберген. 

"Тозақта жанып өл", - деп жазған Клара есімді оқырман. 

Әншінің сөзінше, оқырманы осындай қарғыстар жазып тұрады екен. Бір қызығы, Жанар Айжанова ол адамды білмейді де, көрген де емес екен. 

"Орынсыз қарғыс өзіңді табады деген, солай болсын. Ұл-қызыңның алдынан шығады ғой қарғысың. Есіңде болсын, маған азды-көпті дәрежені Алла беріп жатыр. Оны сен менен тартып ала алмайсың. Үп-үлкен әйел екенсің, ұялмайсың ба? Өз отбасыңа жетекші болып отыратын жасқа жеттің ғой. Отырмайсың ба солардың тілегін тілеп, көргенсіз. Бір Аллаға тапсырдым, есебіңді Құдай берер", - деп жазды әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина