Google 2022 жылы ең көп ізделген сауалдар тізімін жариялады

Google 2022 жылы ең көп ізделген сауалдар тізімін жариялады
Фото: tadviser.ru

Google бүкіл әлем бойынша 2022 жылы қолданушылар сұранысын сарапқа салып, Year In Search - 2022 тізімін жариялады. Статистика америкалық корпорация сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ең көп ізделген сөз - Wordle (Сөзділ). Бұдан кейін "Үндістан мен Ұлыбритания", "Украина", "Елизавета патшайым", бестіктің аяғында "Үндістан мен Оңтүстік Африка матчі" тұр. 

Ең көп сұранысқа ие болған жаңалық - "Украина", "Елизавета патшайымның өлімі", "Сайлау қорытындылары", Powerball ойнындағы сандар, тағы бір вирустың түрі - Monkeypox.

Ең көп ізделген адамдар тізімінде Джони Депп, Уилл Смит, Эмбер Херд, Владимир Путин мен Крис Рок бар. 

Әлем бойынша көп ізделген фильмдер: "Тор: махаббат пен найзағай", "Қара Адам", "Топ Ган: Мэверик", "Бэтмэн", "Энканто".

Өкінішке қарай, Қазақстан бойынша ең көп ізделген сауалдарды көру мүмкін емес.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек