Перудегі драма: президент парламентті таратқысы келіп, артынша өзі ұсталды

Перу президенті Педро Кастильоны полиция қамауға алды, - деп хабарлайды Еuronews.com.

Айта кетейік, Перу президенті Педро Кастильо өзіне қарсы импичмент жариялау мәселесін қарастыруы тиіс Конгресті таратып, елде төтенше жағдай режимін енгізген болатын.

"Біз заң үстемдігі мен демократияны қалпына келтіру үшін айырықша үкімет құру туралы шешім қабылдадық", - деген Кастильо.

Сондай-ақ, ол елдегі сот жүйесін қайта жасақтауды тапсырып, барлық азаматтар 72 сағат ішінде заңсыз сақталған қаруларын тапсыруы керектігін мәлімдеген. 

Депутаттар Кастильо мемлекет басшысының міндетін атқара алмағаны үшін оған импичмент жариялауға шақырған. Импичмент туралы ұсынысты негіздеуде президенттің әрекетінде "жемқорлық белгілері" бар екені айтылған. Әскерилер мен полиция Конгресті қолдады.

Кейін жергілікті ақпарат құралдары Кастильо ұсталғанын жарыса жазды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!