Қазақстанда қанша көгілдір бар? АИТВ жұқтырғандар туралы дерек шықты

Қазақстанда қанша көгілдір бар? АИТВ жұқтырғандар туралы дерек шықты
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда 62 мың көгілдір бар. ВИЧ жұқтырғандар туралы дерек шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ЮНЭЙДС ұйымының зерттеуінде айтылған. Зерттеуде Қазақстанда көгілдер саны 62 мың екені жазылған. 

Сондай-ақ зерттеуде Қазақстанда инъекциялық есірткі қолданатын адамдар саны 85 300 екені айтылған. 

Одан бөлек, зерттеуге сәйкес, бүгінде Қазақстанда АИТВ-мен ауыратын 35 мың адам тұрады. Оның ішінде 21 мыңы ер адам, 13 мыңы әйел және 14 жасқа дейінгі 500-ден 1000-ға дейін бала бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина