TikTok-тағы видео: Қазақстан Ресейге зымыран құрастыруға арналған бөлшек жеткізе ме?

TikTok-тағы видео: Қазақстан Ресейге зымыран құрастыруға арналған бөлшек жеткізе ме?
Фото: Көрнекі сурет: pexels.com

TikTok желісінде Қазақстан Ресейге зымыран құрастыруға арналған бөлшек жеткізетіні туралы ролик жарияланды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

@sonykz88

#україна????? #казахстан?? #рашка??

♬ оригинальный звук - Anuar-kz

Ведомство мәліметінше, әскери мақсаттағы өнімнің, оның ішінде зымыран бөлшектерінің экспорты биыл да, оған дейін де жүзеге асырылмаған.

"Ресей Федерациясына зымыран бөлшектерін жеткізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Зымырандарға арналған бөлшектер "Экспорттық бақылау туралы" ҚР заңына сәйкес экспорттық тұрғыда бақыланатын әскери мақсаттағы өнімдерге жатады. "Компоненттерді зымыран жасау технологияларында пайдалануға болатынына жатқызу/жатқызбау" факторын анықтау экспорттық бақылау тетіктері шеңберінде жүргізіледі. Мәселен, кез келген экспортталатын/импортталатын/транзит электрон бөлшектер ("чиптер", "микросхемалар") әскери/қос мақсаттағы өнімді өндіру кезінде пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан техникалық зерттеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға (Қорғаныс министрлігі, Энергетика министрлігі, ҰҚК) жіберіледі. Мұндай деректер расталған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган жеткізілімді экспорт лицензиялауына жібереді. Үкіметтің биылғы 27 тамыздағы шешімімен әскери мақсаттағы өнімнің экспортына/транзитіне тыйым салынады. Сонымен қатар, Қазақстаннан әскери мақсаттағы өнімнің, оның ішінде зымыран бөлшектерінің немесе зымыран дайындауға арналған бөлшектердің реэкспорты/транзиті 2022 жылы да, оған дейін де жүзеге асырылмаған", - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстаннан Украина қарулы күштерінің ұшқышсыз аппараты ұшырылғаны туралы жалған ақпарат тарағаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова