"Бала қартайды". Ресейдің атақты әртісі адам танымастай өзгеріп кетті

Ресейдің атақты әртісі Андрей Губин адам танымастай өзгеріп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Андрей Губин туралы сюжет TikTok-та тараған. Видеода Губин соңғы рет телеарнаға 17 жыл бұрын шыққаны айтылады. Одан кейін әнші телефонын өшіріп, шоу-бизнес әлемінен мүлде алшақтап кеткен екен. Тіпті үйінен де көп шықпаған екен. 

Сонымен қатар, видеода әнші емі жоқ ауруға шалдыққаны айтылады. 

@elena13lena13 #новости #новости ♬ оригинальный звук - Elena13lena13

Желі қолданушылары да әншінің адам танымастай өзгеріп кеткенін жазған. 

"Қатты өзгеріп кеткен. Көзінде қайғы мен мұң бар сияқты", "Бала қартайған, уақыт ешкімді аямайды", "Сахнаға оралшы, біз сені қолдаймыз", "Жалғыздық шығар, адамдардан өте қатты алшақтап кетуге болмайды ғой", - деп пікір жазған адамдар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!