Әмре жұмбақ қызбен видео түсіріп, оқырмандарын ойландырып қойды

Әмре лақап атымен белгілі әнші Ернар Садырбаев Instagram-парақшасында видео жүктеп, оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода әнші түрі көрінбей тұрған қыздың шашынан иіскейді. Әмренің оқырмандары видеодағы қыз әнші Жанар Дұғалова деп болжаған. 

"Егер Жанар Дұғалова болса қуаныштымын, жарасасыздар", "Жанарда ғана шаш бар ма?", "Дұғаловамен жарасып кетсеңіз", "Ерке Есмахан болып шықпасын", - деп жазды оқырмандар. 

Әншінің тыңдармандары видеодағы қыз Жанар Дұғалова деп ойлауына Ернардың бұған дейін салған видеосы да себеп болған. Видеода Әмре белгісіз арумен мейрамханада отыр. 

"Жанар нағыз қыпша бел, хас сұлу ғой. Сізге бұйырса екен", "Дұғалова Жанар сияқты", "Әміре Жанар бірге бақытты болыңдар", - деп жазды әншінің оқырмандары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!