Қазақстандықтардың құқығы қандай жағдайда бұзылатыны анықталды

Қазақстандықтардың құқығы қандай жағдайда бұзылатыны анықталды

Биыл, ресми статистика бойынша, қаңтар-қазан аралығында адам мен азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы 873 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл былтырмен салыстырғанда 14,3 пайызға аз, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Сайт мәліметінше, былтыр дәл осындай мыңға жуық қылмыс тіркелген. 

Аймақтар бойынша, қылмыстық істің бұл түрі Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында көп тіркелген: әр өңірде 90 жағдай. Тағы бір антилидер - Астана және Алматы қалалары мен Ақмола облысы. 

Бұл қылмыстық іс түрі Қызылорда облысында аз тіркелген: 8 жағдай. Одан кейінгі орында Ұлытау және Жетісу облыстары: әр аймақта 12 істен тіркелген.  

Барлық осындай құқық бұзушылықтың 52,3 пайызы еңбекті қорғау ережелерін бұзуға қатысты. Танымал құқықбұзудың ішінде азаптау ісі мен тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу да бар. 

Тағы 36 жағдай жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және ҚР Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға қатысты болса, хат алмасу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф немесе өзге де хабарламалар құпиясын заңсыз бұзу бойынша 4 іс тіркелген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина