Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің төрт облысында тұман, көктайғақ және қатты жел тұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Бүгін Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауқымды антициклон әсер етеді. Соның салдарынан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында атмосфералық фронттардың ықпалымен қар жауып, көктайғақ болады.

Елдің оңтүстігінде жел күшейеді, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова