"Күні бойы қоғамдық көлікте жүрген". Алматыда жоғалған 9 жастағы оқушы қыз табылды

"Күні бойы қоғамдық көлікте жүрген". Алматыда жоғалған 9 жастағы оқушы қыз табылды
Фото: © polisia.kz

Алматыда бүгін таңертең жоғалып кеткен 9 жастағы оқушы қыз еріктілердің көмегінің арқасында аман-есен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бастығы Жанна Шонжанованың айтуынша, қыз бала күні бойы қоғамдық көлікте жүрген болуы да мүмкін.

"Қыз троллейбустан табылды. Ол күні бойы қоғамдық көлікте жүрген болуы да мүмкін. Біз басқа жағдайларды міндетті түрде анықтаймыз. Ең бастысы - балада бәрі жақсы. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырды. Өз кезегінде, Алматы қаласының полициясы қызды табуға жан-жақты көмек көрсеткен қамқор азаматтарға шексіз алғысын білдіреді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін Алматыда 9 жастағы мектеп оқушысы жоғалып кеткені хабарланған. Полиция мәліметінше, Айша Тимур бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылындағы үйден Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы мектепке кеткен. Содан табылмаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Құлтай