Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студияда" құлап түсті

Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студияда" құлап түсті

Танымал әзілкеш, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" бағдарламасының эфирінде құлап түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарлама үзіндісі әлеуметтік желіде тарап кеткен. Видеода Қоянбаев көрермендермен амандасып, орнына отырмақ болған кезде жерге құлап түседі. Әзілкеш жерде біраз жатып, қайтадан орнынан тұрып кеткен. 

@stserkebaeva

???

♬ Shut Down - BLACKPINK

Желі қолданушыларының бірі Нұрлан Қоянбаев шын құлаған десе, енді бірі бұл әдейі істелген әрекет екенін айтады.  

"Шын құлап қалды, бәріміз қарап тұрмыз ғой, сценарий шығар деп қарап тұрмыз, олай емес екен. Сол жерде болдым, көзілдірік киіп тұрған қыз -  мен", "Ештеңе етпейді, адам ғой, құлайды, қайта тұрады, құлап, тұра алмай қалғандар көп. Оператор бұрып әкетсе болады ғой", "Әдейі құлады-ау деймін", - деп пікір жазды Желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина