"Жексенбіден бері мені үйдегілер де көрмеген". Екібастұздағы ПИК төрағасы

"Жексенбіден бері мені үйдегілер де көрмеген". Екібастұздағы ПИК төрағасы

Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Крук Екібастұздағы төтенше жағдай кезіндегі қызметкерлердің еңбегі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап. 

Баспасөз жиынында облыс әкімінің міндетін атқарушы ерекше атап өткендердің бірі - "Қамқор 74" ПИК төрағасы Инна Зайцева. Олег Крук бұл адамдар кез келген қиындықты жеңуге болатынын жанқиярлық еңбекпен дәлелдейтін адамдар екенін атап өтті.

Инна Зайцева басқа түскен қиын жағдай бұл күндері адамдарды біріктіргенін айтты. Оның сөзінше, соның нәтижесінде кооператив құрамындағы 20 үйдің бес-алты пәтерінде ғана батарейлер қатып қалған. "Шығыс" көмір кеніші мен "Бозшакөл" кенішінің жөндеу бригадалары үлкен көмек көрсетіп, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 76, 68, 89, 91, 93 үйлерді өз күштерімен жылытқан. 

"Біздің штатта екі слесарь, бір дәнекерлеуші бар. Жігіттер бұл күндері жан-жаққа бөлінді. Тұрғындарға кеңес берді, өйткені адамдар бұл жүйені түсінбейді. Оларға қандай да бір жолмен бағыт беру керек болды. Телефон арқылы түсіндірді", - деп еске алады Инна Зайцева.

Оның айтуынша, ПИК құрамындағы үйлер жылу бірінші рет үзілгенде айтарлықтай қиындық болмаған. Бірақ екінші рет үзіліп, бір тәулікке созылғанда құбырлар қатып, шұғыл әрекет етуді талап еткен.  Инна Зайцева түнгі үште дабыл қаға бастаған соң адамдар сыртқа шығып, құбырларды жылыта бастаған. 

Әйел адам ПИК басшылығы іс жүзінде күндіз-түні кеңседе отырғанын, тұрғындар ас әкеліп бергенін айтты.

"Кеше бірінші күні аздап демалдым. Оған дейін жексенбі күні таңғы бестен бері мені үйдегілер де көрмеген болатын. Тұрғындардың арқасында бәрін жылыттық. Үйлердің кіреберісіндегі жылыту қондырғылары аздап зардап шекті. Құбырлар жарылып, бояуы аршылған, бірақ суды жабатын құрылғылар бүтін", - деді Инна Зайцева.

Ол кооперативтің барлық үйлерінде ыстық су бар екенін, бірақ суық су тек Мәшһүр Жүсіп, 71, 75, 77, 79 және Строительная көшесі, 82-ші үйлерде бар екенін айтты. Барлық көпқабатты үйде кәріз үйлерде жұмыс істейді.

Бұған дейін жедел штаб барлық көпқабатты үйлердің жертөлелеріне жылу жеткізілгенін, пәтерішілік жүйелер бойынша жұмыс жалғасып жатқанын, сондықтан кейбір бөлмелерде әлі де салқын екенін хабарлаған болатын. Екібастұз қаласын жылумен қамтуды қалпына келтіруге барлығы 800-ден астам адам жұмылдырылды. Бригадалар тәулік бойы жұмыс істейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина