Екібастұздағы жағдай: 4 үйдің кіреберісіне бүгін жылу беріледі

Екібастұз қаласының 5а, 5б және 6 шағынаудандарында жылу желілері қатып қалған үйлерге жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары әлі де жүріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Апатты жою жөніндегі штаб басшысы - Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, 6 желтоқсанда сағат 08.00-дегі жағдай бойынша, кіреберістерді жылуға қосу жұмыстары 4 үйде жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарды бүгін аяқтау жоспарланған. Зардап шеккен нысандарға бекітілген кәсіпорындар тәулік бойы инженерлік коммуникацияларды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр.

6 желтоқсанда таңғы сағат 04:30-да №6 шағынаудандағы орамішілік жылу желісінде құбыр жарылды (жылу құбырын бұратын ЦТП 63, диаметрі 159). Оған жөндеу бригадалары жіберілді. Осыған байланысты Бауыржан Момышұлы көшесіндегі 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54 және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 59, 61, 65, 57а, 63, 63А, 63Б, 67А тұрғын үйлеріне ыстық су беру қысқа уақытқа тоқтатылды, құбырды сағат 14:00-ге дейін жөндеу көзделген.

Еске салайық, Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылды. 

@massaget.kz #екібастұз#экибастуз#төтеншежағдай#аяз#тж#суық#қыс#салқын#зима#мороз#рек#новости#жаңалық ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!