"Мынаны кім шақырған?" Танымал ресейлік әншінің күйеуі алматылықты балағаттады

Танымал ресейлік әнші Instаsamka-ның күйеуі Moneyken сахнада алматылықты балағаттап, ұйымдастырушылардан тыңдарманды шығарып жіберуін сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Moneyken деген атымен танылған ресейлік рэп орындаушы Олег Еропкиннің сөзінше, алматылық оны бірінші болып балағаттаған. 

"Мына сары баланы мына жерден қуып шығыңдар. Аузыңды жап. Бұл жерден көзіңді жоғалт. Тағы бір рет солай істеп көр. Оны шығармайынша, бастамаймыз. Шығарып жіберіңдер оны. Жоқ, кешірмеймін. Мені балағаттайтындай кімсің өзі? Далаға қуып жіберіңдер, тоңып қалсын" - дейді ол видеода. 

@user2237858190944 #казахстан?? #kazahstan?? #tiktokkazakhstan?? #rek #almaty #instasamka #astana #taraz #shymkent?? #aktau #kazaxstan #kazakhstan?? ♬ оригинальный звук - no name

Желі қолданушылары ресейлік әртістің бұл қылығына наразы болған. 

"Мынаны кім шақырған?", "Өзін шығарып жіберу керек еді", "Тізерлеп кешірім сұрасын", "Мынау кім өзі?", "Ұйымдастырушыларға да айыппұл салынсын", - деп жазған пікір қалдырғандар. 

Алматы Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!