"Ажырасамын". Жұлдыз Абдукаримова бесінші баласы туралы неге айтқаны белгілі болды

"Ажырасамын". Жұлдыз Абдукаримова бесінші баласы туралы неге айтқаны белгілі болды
Фото: zhuldyzabdukarimovaofficial Instagram-парақшасынан

Актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Абдукаримова бұған дейін оқырмандарына бесінші бала туралы айтып жүрген еді. Ол Желіде бесінші бала деп жүргені қандай жаңалық екенін ашып айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актрисаның айтуынша, бесінші баласы - жуырда шығатын кино екен. Ол бұл туындыға продюсер болған әрі басты рольге түскен.

"Менің бесінші балам туралы жазбаларымды оқып жүрген тұрақты оқырмандарым бәрінен хабардар. Бесінші баламның аты - AZHYRASAM. Иә, иә! Бұған дейін айтып, жазып жүрген менің бесінші балам алғашқы продюсерлік еткен және басты рольге түскен толықметрлі фильмім туралы болатын. Бұл жоба мен үшін баладан кем болмады. Қанша жыл армандадым, сосын мақсат еттім, ойға салдым, ол аузымнан сөз боп айтылды, сол сөзге жан бітіп, іс боп өмірге келді", - дейді ол.

Жұлдыз Абдукаримова жоба былтыр талқыланғанын, фильмде басты мақсат арзан күлкі болмағанын айтты.

"Бұл фильмді түсіру туралы алғаш рет 2021 жылдың тамызында Жанболат екеуміз талқылаған едік. Сөйтіп, қарашада сценаристпен кездесіп, идеясын іздедік. Басты талабым - арзан күлкі емес, астарлы мәні, алатын ойы болатындай фильм болуы. Менің бесінші балам - ол менің алғашқы кино-жобам!" - деп жазды ол Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Жұлдыз Абдукаримованың енесі әрі танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова да келінінің қадамына сәттілік тілеген.

"Сәттілік серігің болсын!" - деп жазған ол.

Ал Жұлдыз Абдукаримова бұған дейін парақшасында ультрадыбыстық зерттеуге барып жүргенін көрсеткен еді. Қырағы оқырмандар оны да қалт жібермеген.

"Ультрадыбыстық зерттеуге барып жүргеніңіз осы кино үшін бе сонда?" - деп сұраған оқырмандардың бірі.

Ал актриса денсаулығына байланысты барғанын айтқан.

Сондай-ақ, Желі қолданушылары арасынан жаңа жобаға сәттілік тілегендер де, әу бастан бала емесін білгендер де табылған.

"Бомба кино болатын сиякты. Сәттілік", "Бұл жерде тірі жан - нәресте емес екені о бастан түсінікті болды ғой, себебі шынайы аяғы ауыр болса елге жар салмас еді!!! Қайта туар туғанша жасырар еді!" - деген пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова