Қазақстанда қандастарға қандай жеңілдік берілетіні анықталды

Қазақстанда қандастарға қандай жеңілдік берілетіні анықталды
Фото: elements.envato.com

Қандастар 10 жылға жеңілдетілген виза алып, Қазақстанда өз бизнесін жүргізе алады. Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен үкімет сағатында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын депутаттарға таныстырды. Ол құжаттың 5 новелласы туралы егжей-тегжейлі айтып, жаңа көші-қон саясатына база назар аударды.

Бесінші бағыт - босқындармен және баспана іздеушілермен жұмыс.

Бірінші міндет аясында экономика салалары үшін сұранысқа ие технологиялар бойынша үздік оқытушыларды, үздік ғалымдарды, тапшы кәсіптер бойынша мамандарды тарту мақсатында жеңілдетілген визалар мен 10 жылға тұру құқығы беріледі.

"Үшінші міндетте көрсетілген тапсырмаларды шешу үшін "Атамекен" картасы енгізіледі, ол жоғары деңгейдегі кәсіпқой немесе өздері тұратын елдерде табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда іске асыруды қалайтын этникалық қазақтарға беріледі. Ол азаматтар мерзімі 10 жылға дейін созылатын жеңілдетілген виза рәсімдеп, Қазақстанда тұрып өз кәсібін жүргізуге мүмкіндік алады", - деп хабарлады ЕХӘҚМ басшысы.

Сондай-ақ, министр қандастарды қабылдау ережесі қайта қарастырылатынын айтты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек