Ота жасатқан Ләйлә Сұлтанқызының жағдайы белгілі болды

Ота жасатқан Ләйлә Сұлтанқызының жағдайы белгілі болды
Фото: bridgetv_qazaqstan Instagram-парақшасынан

Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ота жасатқанын айтты. Ол бұл туралы Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Instagram желісіндегі bridgetv_qazaqstan парақшасында бұған дейін де Ләйлә Сұлтанқызының Алматыда ота жасатқаны туралы ақпарат жарияланған еді.

"Ләйлә Сұлтанқызына Алматыда шұғыл ота жасалды. Бұл туралы жаңалықты тележүргізушінің көмекшісі хабардар етті", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от *ШОУ БИЗНЕС NEWS* (@bridgetv_qazaqstan)

"Айтпақшы, Алматыға не үшін барғанымды айтайын. Сұлтанқызының денсаулығы сыр беріп, жедел түрде ота жасалды. Қазір жағдайы бірқалыпты. Байланысқа бұйырса өзі шығады", - делінген жазбада.

Кейінірек Ләйлә Сұлтанқызының өзі де парақшасында жазба жариялап, алаңдаған жұртқа алғысын айтты.

"Кешелі бері алаңдап, жазып жатқан баршаңызға мың алғыс! Жақындарым да қатты уайымдап кеткен соң байланысқа шыққаным жөн деп шештім. Ота өткен аптада жасалды, қазір бәрі жақсы, шүкір. Ғұмырымның ең ауыр кезеңінде қолдау көрсеткен сіздерге көп рақмет. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер. "Алла сүйген құлын жиі сынайды" дейді, бұл күндерден де өтерміз", - деді ол Желіде.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова