Шетелдік көліктер Қазақстанда техникалық тексерістен өтуге міндеттелуі мүмкін

Шетелдік көліктер Қазақстанда техникалық тексерістен өтуге міндеттелуі мүмкін
Фото: avto-nomer.ru

Шетелдік көліктер Қазақстанда техникалық тексерістен өтеді, - деп хабарлайды Kolesa.kz.

Сайт мәліметінше, "Жол жүрісі туралы" заңның 88-бабына Қазақстанда 90 күннен ұзақ жүретін көліктің бәрін техникалық тексерістен өтуге міндеттейтін норма қосу жоспарланып отыр.

Норма 7 жылдан аспаған, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте қолданылмайтын көліктерге қатысты емес.

Басқа мемлекеттен келген жүргізуші Қазақстан аумағына кірмес бұрын өз елінде тексерістен өте алады, оны диагностикалық карта арқылы растайды. Тексерісті қазақстанда да өтуге мүмкіндік бар. Сол үшін міндетті техникалық тексеріс процесін ұйымдастыру және өткізу ережесіне өзгеріс енеді.

Шетел азаматының көлігін техникалық тексерістен өткізгені туралы мәлімет бірыңғай базада сақталады. Заңға түзету енген соң қонақтар тексерілмеген көлік үшін 5 АЕК айыппұл төлейді.

Бүгінде жобаны Сенат қарап жатыр. Егер заң жобасы мақұлданса, қол қою үшін Президентке жолданады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина