Ресейдің Нижневартовск қаласында тұрғын үйде жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Ресейдің Нижневартовск қаласында бес қабатты үйде жарылыс болып, төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Mash телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға газ баллонының жарылуы себеп болған. Апат салдарынан көпқабатты тұрғын үйдің үстіңгі жабыны мен қасбеті опырылып түскен. 12 пәтер зақымданып, бірнеше адам үйінді астында қалған.

Басылым мәліметінше, жарылыстан төрт адам қаза тауып, 11 адам ауруханаға жеткізіліп, 52 тұрғын эвакуацияланған. Құтқарушылар үйінділерді тазартып жатыр. Сондай-ақ, денесін күйік шалып, миы шайқалған төрт тұрғын ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуінің жағдайы ауыр.

Ресейдің Тергеу комитеті абайсызда адам өліміне себеп болған оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!