Оралда өртсөндірушілер жанып жатқан пәтерден ер адамды құтқарды

Оралда өртсөндірушілер жанып жатқан пәтерден ер адамды құтқарды
Фото: "Мой ГОРОД"

3 желтоқсанда сағат 19:00 шамасында Оралдағы Гастелло көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

БҚО ТЖД мәліметі бойынша, бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерде жиһаз бен жеке заттар өртенген. Өртсөндірушілер алты адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялаған. Оқиға орнынан ер адам құтқарылған.

Басылым мәліметінше, ол мас болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам пәтерде темекі шеккен, салдарынан өрт шыққан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова