Қазақстанда айналымға жаңа ерекше коллекциялық монета шығады

Қазақстанда айналымға жаңа ерекше коллекциялық монета шығады

Қазақстанда айналымға жаңа FIFA WORLD CUP QATAR 2022 коллекциялық монеталары шығады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Ұлттық Банкі 2022 жылғы 2 желтоқсанда "Спорт" монеталар сериясынан FIFA WORLD CUP QATAR 2022 коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Бұл монеталар ҚҰБ, Қазақстан монета сарайы мен MDM неміс нумизматикалық компаниясы арасындағы үшжақты келісім аясында шығарылады.

Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.

FIFA WORLD CUP QATAR 2022 монеталарының дизайнын FIFA Халықаралық футбол федерациясы бекіткен. Катардағы футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының ресми слоганы EXPECT AMAZING стадионның электрон таблосындағы жазу стилінде жасалған. 

Ведомство мәліметінше, Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынып, аударылады, ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек