Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді

Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері шаһардың Алатау ауданындағы Заря Восток шағын ауданында арнайы іс-шара жүргізді.

ҰҚКБ қызметкерлері жергілікті тұрғынның Қызыл кітапқа енген ақбөкен мүйіздерін сақтап, сататыны туралы жедел ақпаратты тексерді. Бұл дерек расталды.

Күдікті - 42 жастағы Х. есімді ер адам. Оның үйін тінту барысында қосалқы бөлмеден 462 дана ақбөкен мүйізі, сондай-ақ, белгісіз тұқымды тастар табылды және тәркіленді.

Бұл дерек соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодекстің 399-бабы бойынша тіркелді. Тауарды Алматыға жеткізудің мән-жайы мен оны жүзеге асыру шарттары тергеу барысында анықталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек