2023 жылдың басты түсі аталды

Pantone Түстер институты 2023 жылғы негізгі түсті жариялады. Ол - 18-1750 нөмірлі таңқурай реңкі. Оның ресми атауы - Viva Magenta (Маджента жасасын), - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі компанияның сайтына сілтеме жасап.

"Биылғы түс күш пен шабыт сыйлайды. Бұл адамды қуаныш пен эксперимент арқылы ашатын жаңа анимациялық қызыл, электрленетін шексіз реңк" , - делінген хабарламада.

Pantone Түстер институтының директоры Лэтрис Эйшманның айтуынша, бұл түс өмірге деген құштарлықты білдіреді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!