7 жылға сотталған Хаменова сот шешіміне шағым түсірді

7 жылға сотталған Хаменова сот шешіміне шағым түсірді

Атырау облысы әкімінің бұрынғы рынбасары Бақытгүл Хаменова сот шешіміне шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысы сотының баспасөз қызметі Бақытгүл Хаменова мен оның қорғаушысы апелляциялық шағым беру арқылы бірінші сатыдағы соттың шешіміне қарсы шыққаны туралы ақпаратты растады.

"Бірінші сатыдағы сотқа оның адвокаты Вранчев Хаменованың атынан апелляциялық шағымдар түсірді. Бірақ іс әлі алқа қарауына түскен жоқ", - деді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері. 

Еске салайық, 15 қарашада Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімі шыққан болатын. Сот оны кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Хаменова сот залынан босап шықты

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәліметінше, Бақытгүл Хаменованың кәмелетке толмаған баласы болуына байланысты жазасын өтеу мерзімі үш жылға шегерілген.

@massaget.kz #хаменова#бақытгүлхаменова#сот#7жыл#атырау#қазақстан#пара#казахстан#жемқорлық ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина