Ақтөбеде зорлық жасап, 8 жылдан аса уақыт бойы қашып жүрген ресейлік ұсталды

Ақтөбеде зорлық жасап, 8 жылдан аса уақыт бойы қашып жүрген ресейлік ұсталды
Фото: elements.envato.com

Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайт мәліметінше, 30 қарашада облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 8 жылдан астам сот төрелігінен жасырынған Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Орынбор облысының 35 жастағы тұрғыны Ақтөбе қаласындағы жиһаз цехтарының бірінде ұсталды.

Күдікті Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі "Зорлау" бойынша іздеуде жүрген. Бүгінде ұсталған адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина