Жарты денесі жоқ, Катардағы футбол елшісі атанған бала туралы не белгілі?

Катарда өтіп жатқан футболдан биылғы Әлем чемпионатының елшісі, жарты денесі жоқ Ганим әл-Муфтаның видеосы Желіні "жарды". Футбол елшісі туралы не белгілі? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.

Ганим әл-Муфтаның жасы 20-да. Денесінің жартысы жоқ. Себебі сирек кездесетін ауру - каудальды регрессия синдромына шалдыққан. Бұл дертке шалдыққан адамның денесінің төменгі бөлігі дамымай қалады. 

Бірақ Ганим әл-Муфта оған қарамастан, белсенді өмір сүреді. Instagram-дағы парақшасында 4,1 миллионнан аса оқырманы бар ол халық алдына жиі шығып тұрады. 

Мысалы, 2016 жылы Ганим әл-Муфта Парсы шығанағындағы ең биік шыңды бағындырса, бір жылдан кейін кіші қажылыққа аттанған. 

Одан бөлек, Ганим қайырымдылықпен айналысады. Бұл салады Ганимге ата-анасы көмектеседі екен. Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, кезінде ата-анасы үкіметтегі жұмысын тастап, бала тәрбиесімен айналысуды шешкен. Алайда бүгінде олар өз есебінен өзге мүгедек балаларға көмектесетін жағдайға жеткен. Бастапқыда олардың қорында Ганимді қосқанда 12 бала болған. Бүгінде олардың саны әлдеқайда көп екен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!